№ 1 Жатақхана (сыйымдылығы 183 орынға лайықталған)

Жатақхананың жалпы ауданы: 2 425,6 ш.м.

Орналасқан жері: Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, №11/1

Қабаттар саны: 4 қабат

Бөлмелердегі тұрмысқа қажетті жабдықтар: матрасы бар бір орынды кереует, кереует жанындағы тумба, киімге арналған шкаф, жазу үстелі, киім ілгіш, 3 орындық.

Ортақ пайдалануға арналған бөлмелердің жабдықталуы: кір жуатын бөлмелер (кір жуатын машина, киім кептіруге арналған автомат машина, үтігі бар үтіктеу тақтасы), ас үй (электр плитасы, ыдыс жууға арналған раковина, тоңазытқыш, электр шәйнектер, түскі ас үстелі, орындықтар), демалыс бөлмесі (диван, теледидар, кілем, картина), санитариялық тораптар (дәретхана, душ бөлмесі, дәретхана, жуынатын бөлме, киім шешетін бөлме), сабақтарға арналған бөлме (4 жазу үстелі және 8 орындық).

№1 жатақханада тұру құны: 2024 -2025 оқу жылы үшін айына 16 000 (он алты мың) теңге (интернет, коммуналдық қызметтер, күзет, жалпы пайдаланымдағы үй-жайларды жиыстыру тұру құнына қосылған). 

№1 жатақханада тұру мерзімі: 9 күнтізбелік ай (2024 жылдың 1 қыркүйегінен 2025 жылдың 31 мамыр аралығы).

Төлем шарттары: төлем университеттің банктік шотына төленеді. Тұрғын үй комиссиясының жатақханаға қоныстануға рұқсат беретін жазбаша шешімін алған соң, келісім-шартқа қол қойылады. Сол уақыттан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей, бір уақытта 160 000 (жүз алпыс мың) теңге төлеу міндеттеледі.  144 000 (жүз қырық төрт мың) теңге  жатақханада 9 ай тұру ақысы, 16 000 (он алты мың) теңге депозит-кепілдік* ретінде төленеді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттер үшін ақы төлеудің жеңілдік беретін шарттары:  (I, II топтағы мүгедектер, толық жетімдер, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылар; бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, “қандас”мәртебесі бар I, II топтағы мүгедектер, екі ата-ананың да жұмыссыздығы, Ауған соғысының ардагері; бір немесе екі ата-ананың мүгедектігі) – Тұрғын үй комиссиясының отырысында қосымша қаралатын болады.

Жатақханада тұрғаны үшін ақы төлеу мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:

ТТК-872 тұру бойынша қызметтер үшін төлемдер

Мақсаты: студенттің аты-жөні, курсы, тобы

«Халықаралық туризм және меймандостық  университеті» ҚЕАҚ

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, №14 А

БСН 190440033845, КБЕ 18, КНП 861

Р/С KZ 2960 1000 1000 026 251

«Халық Банкі» АҚ

БСК HSBKKZKX



№ 2 Жатақхана (сыйымдылығы 140 орынға лайықталған)

Жатақхананың жалпы ауданы: 1 416 ш. м.

Орналасқан жері: Түркістан қаласы, Сүгір күйші көшесі, №142

Қабаттар саны: 2 қабат.

Пәтер типтес бөлмелер саны: әр пәтерде жеке ванна бөлмесі мен ас үйі бар 4 орындық 35 бөлме бар.

Бөлмелердегі тұрмысқа қажетті жабдықтар: матрасы бар кереуеттер, кереует жанындағы тумба, киім шкафы, кіреберіс шкаф.

Ортақ пайдалануға арналған бөлмелердің жабдықталуы: санитариялық тораптар (кір жуғыш машина, раковина, айна, шомылуға арналған ванна), ас үй (газ плитасы бар және ас үй гарнитурасы, тоңазытқыш, түскі ас үстелі, орындықтар). Интернет – жоқ.

Жатақханада тұру құны: 2024 – 2025 оқу жылы үшін айына – 15 000 (он алты мың) теңге (күзет, жалпы пайдаланымдағы үй-жайларды жиыстыру тұру құнына қосылған, дегенмен коммуналдық қызметтерді студенттер жеке өлшеу аспаптарының (счетчик) көрсеткіштері бойынша бөлек төлейді).

Жатақханада тұру мерзімі: 10 күнтізбелік ай (2024 жылдың 1 қыркүйегінен 2025 жылдың 30 маусым аралығы), одан әрі 2025 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.

Төлем шарттары: Тұрғын үй комиссиясының жатақханаға қоныстануға рұқсат беретін жазбаша шешімін алған соң, келісім-шартқа қол қойылады. Сол уақыттан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей, бір уақытта 150 000 (жұз елу мың) теңге төлеу міндеттеледі.  135 000 (жүз отыз бес мың) теңге  жатақханада 10 ай тұру ақысы, 15 000 (он бес мың) теңге депозит-кепілдік* ретінде төленеді.

Жатақханада тұрғаны үшін ақы төлеу мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:

ЖК «Кожабаев Артыкбай Аширович»

ИИН/БИН: 581022302008

ИИК: KZ336010291000327301

КБЕ: 19

Банк: «Халық Банкі» АҚ

БИК: HSBKKZKX

Валюта: KZT



№3 «Қыздар Жатақханасы» (сыйымдылығы 120 орынға лайықталған)

Жатақхананың жалпы ауданы: 1200 ш.м.

Орналасқан жері: Түркістан қаласы, М.Мырзахметова көшесі, №1А

Қабаттар саны: 3 қабат.

Бөлмелер саны: 4 орындық – 30 бөлме. 

Бөлмелерді жабдықтау: матрасы бар бір орынды кереуеттер, жастық, кереует жанындағы тумба, киім шкафы, орындықтар, үстел (Co-working zone) орындықтармен.

Ортақ пайдалануға арналған бөлмелердің жабдықталуы: кір жуатын бөлмелер (кір жуғыш машина, кептіргіштер, үтіктеу тақтасы, үтік), асхана (газ плитасы, ыдыс жууға арналған раковина, тоңазытқыш, электр шәйнектер, түскі ас үстелі, орындықтар, шкаф), демалыс бөлмелері (диван, теледидар, кілемше, кескіндеме) санитариялық тораптар (дәретхана, душ бөлмесі, киім шешетін бөлме) және Wi-Fi бар.

Жатақханада тұру құны: 2024 – 2025 оқу жылы үшін айына 20 000 (жиырма мың) теңге төленеді (коммуналдық қызметтер, күзет, жалпы пайдаланымдағы үй-жайларды жиыстыру, интернет тұру құнына қосылған)

Әлеуметтік медиа: Instagram: @Campus_m1, Tiktok: @Campus_m1, почта: Campus_m1@mail.ru

Жатақханада тұру мерзімі: 10 күнтізбелік ай (2024 жылдың 1 қыркүйегінен 2025 жылдың 30 маусым аралығы).

Төлем шарттары: Тұрғын үй комиссиясының жатақханаға қоныстануға рұқсат беретін жазбаша шешімін алған соң, келісім-шартқа қол қойылады. Сол уақыттан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей 10 (он) күнтізбелік ай үшін, бір уақытта 200 000 (екі жүз мың) теңге төлеу міндеттеледі.

Жатақханада тұрғаны үшін ақы төлеу мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:

Мекен-жайы: Түркістан қаласы,  М.Мырзахметов көшесі, №1А

БИК CASPKZKA

ИИК

KZ 48722S000024915659

«Кaspi Bank» АҚ



№4 Жатахана (сыйымдылығы 100 орынға лайықталған)

Жатақхананың жалпы ауданы: 1920 ш.м.

Орналасқан жері: Түркістан қаласы, М. Әбенова көшесі, №52Б

Қабаттар саны: 3 қабат.

Бөлмелер саны: 4 орындық – 25 бөлме. 

Бөлмелерді жабдықтау: матрасы бар бір орынды кереуеттер, жастық, кереует жанындағы тумба, киім шкафы, орындықтар, үстел (coworking spaces) орындықтармен.

Ортақ пайдалануға арналған бөлмелердің жабдықталуы: кір жуатын бөлмелер (кір жуғыш машина, кептіргіштер, үтіктеу тақтасы, үтік), асхана (газ плитасы, ыдыс жууға арналған раковина, тоңазытқыш, электр шәйнектер, түскі ас үстелі, орындықтар, шкаф), демалыс бөлмелері (диван, теледидар, кілемше, кескіндеме) санитариялық тораптар (дәретхана, душ бөлмесі, киім шешетін бөлме) және Wi-Fi бар.

Жатақханада тұру құны: 2024 – 2025 оқу жылы үшін айына 17 000 (жиырма мың) теңге төленеді (коммуналдық қызметтер, күзет, жалпы пайдаланымдағы үй-жайларды жиыстыру, интернет тұру құнына қосылған)

Жатақханада тұру мерзімі: 10 күнтізбелік ай (2024 жылдың 1 қыркүйегінен 2025 жылдың 30 маусым аралығы).

Төлем шарттары: Тұрғын үй комиссиясының жатақханаға қоныстануға рұқсат беретін жазбаша шешімін алған соң, келісім-шартқа қол қойылады. Сол уақыттан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей 10 (он) күнтізбелік ай үшін, бір уақытта 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге төлеу міндеттеледі.

Жатақханада тұрғаны үшін ақы төлеу мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:

Мекен-жайы: Түркістан қаласы,  М. Әбенова көшесі, №52Б

ТОО «Student’s Home»

БИН: 240140019489

e-mail: studentshome@mail.ru

Банк бенефициара:

АО «ForteBank»

ИИК: KZ7596528F0007288881

БИК: IRTYKZKA



*Анықтама үшін:

Мүлік пен жалпы пайдаланудағы заттар сынған, жоғалған, бүлінген жағдайда университет залал сомасын депозит-кепілдік сомасынан шегереді. Мүлікті және жалпы пайдаланудағы заттарды жатақханадан шыққан кезде тиісті түрде және мөлшерде тапсыру кезінде депозит-кепілдік студентке толық сомада қайтарылады.

Студенттің жатақханада тұруына өтініш беру мерзімі:

2024 жылғы 21-25 тамыз (қоса алғанда) аралығында.

Тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жолдама алған студент пен университет арасында жатақханада тұруға құқық беретін келісім шарт жасалады (жатақханаға келген күні жасалынады!).

Студенттер жатақханада тұру орындарын беру туралы Ереженің және жатақхананың ішкі тәртіп ережесінің талаптарын, осы Шарттың талаптарын және ҚР заңнамасының өзге де талаптарын және жатақханада төсек орындарды бөлу туралы «Жатақхана ережесін» және «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ жатақханасының ішкі тәртіп қағидалары қатаң сақтауға міндетті.

Студенттерден жатақханада тұруға келіп түскен барлық өтініштерді саралау бойынша Университеттің Жатақханалардағы төсек орындарды бөлу комиссиясының отырысы 2024 жылғы 26 тамызда өтеді.

“Халықаралық туризм және меймандостық университеті” КеАҚ Жатақханалардағы төсек орындарды бөлу комиссиясының шешімі университеттің ресми сайтында – 2024 жылғы 27 тамызда жарияланады.